Ақтөбеде сала үздіктері анықталды
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің 75 жылдығына орай Ақтөбе облысының Полиция департаментінде қызметтік міндеттін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ӨКБ басшысы Досымбекұлы Төленді мерзімінен бұрын арнайы полиция полковник атағы берілді.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен учаскелік инспектор Вактов Нұржан марапатталды. 2-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен АДБ аға инспекторы Тавке Абдуллин және ТБ-ның қойма меңгерушісі Нұрбек Баекешев марапатталды.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен бір қызметкер, ҚР ІІМ грамотасымен екі полиция қызметкері және ҚР ІІМ Алғыс хатымен екі қызметкер марапатталды.Үш патрульдік полиция қызметкеріне алғыс жарияланды.