Сотталғандар туған-туыстарымен онлайн-бейнебайланысқа шықты
Елімізде орын алған короновирус індетінің орын алмауының алдын алу мақсатында және ЕЦ-166/10 мекемесінің карантин кезіндегі ішкі режимдік талаптарына сәйкес сотталғандар туған-туыстарымен онлайн-бейнебайланыс арқылы хабарласу іске асырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнебайланыс арқылы хабарласу үшін барлық жағдайлар қарастырылған және сотталғандар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Карантин мерзімінде ЕЦ-166/10 мекемесінде күнделікті күн тәртібіне сәйкес бейнебайланыс өткізіледі.
Бұл іс-шараның басты мақсаты әрбір сотталғанның отбасылық құндылығын, әлеуметтік-маңызды байланысты нығайту арқылы жағымды мінез құлық қалыптастыру.
Сотталғандардың отбасылық байланысы жаза мерзімін өтеуде өзара ықпалын тигізеді.
2020 жылдың 29 мамыры үш сотталған өз жақындарымен сөйлесіп мекеме әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдірді. Сотталған Д.Ч. қызының мектепті үздік аяқтауымен құттықтаса, сотталған Т.К. бауырының туған күнімен құттықтап көңіл күйлері көтерілді. Әр сотталғанның жүзінен қуаныш сезімін байқамау мүмкін емес.
Сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету іс-шаралары мекемеде ұдайы түрде ұйымдастырылады. ЕЦ-166/10 мекемесі қызметкерлері сотталғандар арасында жағымды мінез құлық қалыптастырып, отбасы арқылы түзелуіне әсер етуге лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өз ықпалдарын тигізеді.