Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолаушылары бар автобустың жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады

Ақтөбе қаласында автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілде күні 15:41 минутта Ақтөбе қаласы ПБ кезекші бөліміне Нокин даңғылы бойында Әкімжанов көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түстіЖеделтергеу тобы оқиға орнына жіберілді.

«Паз 3254» маркалы №10 бағыттағы автобустың жүргізушісі Нокин даңғылы бойымен М.Мәметова көшесі жағынан келе жатып, Әкімжанов көшесінің қиылысында ҚР ЖҚЕ 10.1 тармағын бұзып, кедергі немесе қауіп туындаған жағдайда көлік құралының толық тоқтауына немесе кедергіні қауіпсіз айналып өтуге дейін жылдамдықты төмендету шараларын қолданбаған. Салдарынан «Toyota Land Cruiser 200″ автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

Соқтығысу салдарынан көлік қозғалысқа түсіп, қайтадан » Toyota Prado«, содан кейін «Toyota Land Cruiser 200″, Honda Accord» автокөліктерімен соқтығысқан.Нәтижесінде «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігі қоршауға соққан«Toyota Prado» соққы әсерінен қозғалысқа түсіп, тағы бір «Renault Sandero« автокөлігімен соқтығысқанБарлық көлік құралдары бағдаршам объектісінің алдындағы бірнеше уақытқа тоқтатылды.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автобус жүргізушісі мен оның екі жолаушысы Жедел жәрдем ауруханасына жүгінді. Медициналық тексеруден және көмек көрсетілгеннен кейін екі жолаушы үйге жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасы кезінде «ишимиялық инсульт» жағдайында болған. Қазіргі уақытта аталған факт Жедел жәрдем ауруханасының инсульт бөлімшесінде диагностика жолымен анықталып жатыр.

Жүргізушілерден жолда өте абай болуларыңызды және жол жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру