Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар жағалауды қоқыстан тазалады
Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар «Таза қала» ұйымдастырған акция аясында жағалауды қоқыстан тазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишевтің тапсырмасын орындау мақсатында, облыстағы Пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды қоғамға оқшаулауға арналған жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді.
Солардың бірі – Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған белсенділермен бірге қаламыздағы 41 разъезд мекен жайында орналасқан су қоймасы жағалауына «Таза қала» ұйымдастырған акция.
– «Таза қала» акциясының мақсаты – Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тіркелген азаматтардың еңбекке деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, бос уақыттарын тиімді іске жұмсау болып табылады.
Аталған іс-шараға пробация есебінде тұрған азаматтар белсенді қатысып, өздері тұрып жатқан қалаға жанашырлық танытатындарын және алдағы уақытта осындай шараға қатысқылары келетінін айтты.
Қоғамға және есепте тұрған азаматтарға дұрыс бағдар беруде пайдасы бар іс-шара «Таза қала» атты акциясын жүргізуді енді біз Астана аудандық пробация қызметіне жолдаймыз, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспектор-психологы Нұргүл Аубакирова.