Мас жүргізуші бөтеннің көлігін соғып, қашып кетті
Павлодар облысының тас жолында мас жүргізуші бөтеннің көлігін соғып, қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 20.25 шамасында «Шақат – Шығыс Шалдай» тас жолында 11 шақырымда Шакат ауылының маңында Аққулы ауданы Баймулдин ауылының 60 жастағы тұрғыны мас күйде «Nissan-Primiera» автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Mazda NPV» автокөлігімен соқтығысты да оқиға орнынан қашып кетті.
Апат салдарынан «Mazda NPV» жүргізушісіне материалдық шығын келтірілді, адам шығыны болған жоқ.
Мас жүргізуші жолда көлігінің дөңгелегі жарылып, ауыстыру үшін тоқтады, сол уақытта полиция бөлімінің кезекші бөлімінен Шақат ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Қанат Әбілдиновке оның әкімшілік бөлімінде жазатайым оқиға болып, кінәлі адам қашып кетті деген қоңырау түсті.
Учаскелік полиция қызметкері бірден оқиға орнына шықты. Жолда ол жол жиегінде автомобильдің тұрғанын көрді, онда азамат дөңгелекті ауыстырып жатты. Инспектор жанына келіп тоқтады, өйткені бұл көлік құралының алдыңғы бөлігі зақымданған. Мән-жайды нақтылау кезінде бұл азамат жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен адам екені анықталды.
Павлодар ауданының патрульдік полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған адамға қарсы ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі (Бөтеннің мүлкіне зиян келтіру) және ҚР ӘҚБтК 611-бабының 2-бөлігі (Оқиға орнынан жасырынып кету) бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жіберілді.
Жол сақшылары жүргізушілерге автокөлікті мас күйде жүргізуге жол берілмейтіндігін, болған жағдайда белгілі бір мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылатынын, егер денсаулыққа ауыр зиян келтірілген болса, онда кінәлі адам ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 бабы (Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытты мас күйінде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша жаңа заңына сәйкес бас бостандығын шектеу немесе сондай-ақ белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алатынын еске салады