Кәсіпкерлерді алдап кеткен алаяқ ұсталды
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полициейлері үш кәсіпкерді алдап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қыркүйек күні Қарағанды облысы Сәтпаев қалалық полиция бөліміне алаяқтық бабы бойынша үш жеке кәсіпкерден арыз түскен. Алдын ала анықталғандай кәсіпкерлердің барлығы бір адамнан жәбір көргендіктері белгілі болды. Бұл қылмыстық оқиға ақпараттық технология саласында болған.
Күдікті жәбірленушілердің жеке бас құжаттары арқылы интернет желісі арқылы газдалған сусынға, яғни «Coca-Cola-ға» тапсырыс берген. Бұндай операцияны ол үш рет жасаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құраған. Ал, жәбірленушілер болса, алаяқтың арбауына түскенін оларға жеткізілген тауардың ақшасын сұрағанда ғана белгілі болған.
Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 27 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.