Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу жүргіншілер жолына көлігін қойған жүргізушілер жауапқа тартылды

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолына көлігін қойған жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына оқырман тарапынан жолдаған кезекті мәселелер назарға алынып, шешімін тапты. Яғни әлеуметтік желі қолданушысы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Мәделі-Қожа көшесінің бойында орналасқан жаяу жүргіншілер жолына автокөлік жүргізушілері өздерінің автокөліктерін қойып қоятынын және осы заң бұзушылықты бақылауға алу туралы сауалын жолдаған болатын.

Аталған жайт бойынша 22 қыркүйек Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция полкінің 2-рота қызметкерлерімен маркасы «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргіушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылды және «ГАЗ-3302» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру