Атырауда карантин режимін бұзғандар анықталды
Атырауда карантин режимін бұзып, той жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау полицейлері мобильдік топ құрамында жұма – жексенбі күндері аралығында карантин режиміне сай талаптарды орындамаған ондаған той иелерін анықтады.
Атап айтқанда, қаланың Мечников көшесіндегі үйлердің бірінде 30-40 адаммен той өткізілген.
Студенттер көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойда 80 адам, «Алмагул» ықшам ауданындағы мейрамханада тойланған туған күнде 50-60 адам, Тайманов көшесіндегі мейрамханада 50-60 адам жиналған той анықталды.
«Жерұйық» ықшам ауданында орналасқан мейрамханалардың біріндегі караоке барда 15-20
адам анықталды.
Сонымен қатар Лесхоз ықшам ауданындағы және Владимирский көшесінде орналасқан екі
кальян – бар иелері де карантин режиміне қатысты тыйымдарға қарамай, жұмыс жасаған.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған құжаттар Атырау қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.