Шымкент қаласы Полиция департаментінің бір топ қызметкері «Халық алғысы» медалімен марапатталды
Шымкенттік полицейлерге «Халық алғысы» медалі табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бір топ қызметкері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Коронавирусқа қарсы күрес шаралары барысында қызметтік міндеттерін адал орындаған полицейлерді Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов құттықтады.
«Полиция қызметі-мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
Полиция – әрқашан мемлекеттің тірегі, әділет пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болуы қажет. Бұл – қауіпті дертпен күресте халық игілігіне қызмет еткен полиция қызметкерлерінің еңбектерін бағалау деп есептеймін. Өз Антына адал, отансүйгіш, полиция қызметінің мүддесін жоғары қоятын қызметкерлер әрдайым марапатқа және құрметке лайық. Ел үшін сыни шақта тәулік бойы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалаған полицейлерге ерекше алғыс айтамын», -деді Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов.