Түркістанда телефон ұрлаған егде әйел ұсталды
Түркістандық полицейлер телефон ұрлаған егде әйелді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын сауда орындарының бірінде ұялы телефонын белгісіз біреудің ұрлағаны туралы шағымданған.
Келтірілген шығын көлемі 60 000 теңгені құрады.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1 күн ішінде осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен егде жастағы әйел ұсталды, ол кінәсін толық мойындады.
Тергеу амалдары өткізілуде.