«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы қорытындыланды
Шымкенттік полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның нәтижесінде 3385 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
– Ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша – 481 жайт;
– Тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша -169;
– Қоғамдық орында мас күйде болу немесе акогольдік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша – 559;
– Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша – 282;
– Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) – 1005;
– Қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) – 321;
– Көлік құралын алкогольдік мас күйде басқару (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) – 12;
– Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша -443; тағы да басқа құқық бұзушылықтар.