Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы қорытындыланды

Шымкенттік полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның нәтижесінде 3385 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

– Ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша – 481 жайт;

– Тыныштықты бұзу  (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша -169;

– Қоғамдық орында мас күйде болу немесе акогольдік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша – 559;

– Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша – 282;

– Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) – 1005;

– Қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) – 321;

– Көлік құралын алкогольдік мас күйде басқару (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) – 12;

– Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша -443; тағы да басқа құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру