Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережелерін бұзған шымкенттіктер жауапқа тартылды

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 778 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2021 жылғы бірінші тоқсанға арналған жедел-профилактикалық іс-шаралар кестесіне сәйкес жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 17-19 ақпан аралығында республика аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шымкент қаласы бойынша «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 778 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Іс-шара өткізу кезеңінде Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласы бойынша көлік прокуратурасының қызметкерлері және басқа да қоғамдық өкілдерінің қатысуымен бірлескен топтар жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында, жол ережесін қасақана өрескел түрде және жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін құқықбұзушылықтарды: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, техникалық байқаудан өтпеу, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, авариялық жағдай туындату, теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон мен рация пайдалану, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзу, автокөліктерді мас күйде басқару, қозғалыстың қарсы жолағына шығу, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесін өту жағдайларымен байланысты жасалған жайттарын анықтауға бағытталған жұмыстар іске асырылды.

 Іс-шараның бірінші күнінде автокөлік жүргізушілермен жасалған жалпы 778 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: 

– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (КҚ жалған және қолдан жасалған МТНБ-мен басқару) – бір;

– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (КҚ міндетті техникалық байқаудан өтпеу) – 14;

– ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) – 53;

– ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі  (Қауіпсіздік белдігін пайдалану) – 75;

– ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр ережесін бұзу) – 16;

– ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Қозғалыстың қарсы жолағына шығу) – екі;

– ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кету) – бес;

– ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) – 10;

– ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Көлік құралын мас күйде басқару) – екі;

– ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) – бір;

– ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргінші) – 75;

– Айыппұл тұрағына қойылған көлік құралдарының саны – үш.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру