Бостандық ауданының полиция қызметкерлері «Жаяу жүргінші» ЖАІ қорытындысын шығарды
Бостандық ауданының полиция қызметкерлері «Жаяу жүргінші» ЖАІ қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы Бостандық ауданының аумағында ағымдағы жылдың 17-24 ақпан аралығында өтті.
Рейдтік іс-шаралар барысында әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері көзге көрінетін жерде өткел бола тұра жаяу жүргіншілер өтетін аймақтан тыс жерде жолды кесіп өткен, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 35 фактісін анықтады. Мұндай құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚбК-нің 615 бабы (Жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қарастырылған.
Осыған байланысты Алматы полициясы шаһар тұрғындары мен қонақтарына шұғыл ұсыныспен өте мұқият болуға, жолдан өту ережелерін қатаң сақтауға, асықпауға және жүріс бөлігін қызыл бағдаршамнан өтпеуге шақырады. Сонымен қатар, ата-аналар балалардың жолда өзін дұрыс ұстауына үлгі көрсетуі керек. Қараңғыда киіміңізге арнайы шағылыстыратын элементтерді киіңіз, өйткені олар жүргізушіге жаяу жүргіншіні қараңғыда көруге көмектеседі және мүмкін болатын жол апатының алдын-алу үшін уақтылы шаралар қабылдайды.