Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полиция қызметкерлері кәсіптік бағдар беру жұмысын жалғастыруда

Шымкенттік полиция қызметкерлері кәсіптік бағдар беру жұмысын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасы кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің бітіруші сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға қабылдау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, ішкі істер органдарына қызмет атқаруға шақырды.

Болашақ абитуренттерге еліміздің таңдаулы жоғары оқу орындарының бірі – Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы таныстырылып, ондағы білім беру бағдарламалары, оқуға түсу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, академияға қабылдау шарттары, медициналық комиссиядан өту, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ережелері, үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық жауаптар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру