Қаратау ауданының полицейлері алаяқтық жайтын анықтады
Қаратау ауданының полицейлері алаяқтық жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау аудандық Полиция басқармасына 55 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында танысы жер телімін сатып алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 5 300 000 теңгесін иемденіп алып, бүгінгі күнге дейін ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Қаратау аудандық Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде күдікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда алаяқтар түрлі сылтаулармен, адамдардың сеніміне кіріп, ақша алу жолдарын қарастырады. Жер немесе үй алып беремін деп, не үй жоқ, не ақша жоқ, із-түзсіз қашып кетеді. Осы ретте қала тұрғындарына сіздердің мүліктеріңіздің сақталуы көп жағдайда тек қана өздеріңізге байланысты екенін ескерсеңіздер.
Шымкент қаласы Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмас үшін тұрғындарды сақ болуға және бейтаныс азаматтарға сене бермеуге шақырады.