Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында браконьерлік фактісі анықталды

Қостанай облысы Амангелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз аң аулау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында жергілікті ЖШС-нің қызметкері мен оның 41 жастағы танысының Бірәлі қыстауынан 32 шақырым жерге аң аулауға шығып, екі жабайы қабанды атып өлтіргені анықталды.

Аумақты тексеру барысында полиция қызметкерлері жабайы қабандардың еті мен терілерін, 12 калибрлі «ИЖ-43» маркалы екі ұңғылы мылтықты тауып алып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, қолға түсірудің басқа да құрал түрлерін, иттерді, аушы жыртқыш құстарды, салт атты, жегін көлікті қолданып заңсыз аң аулау, егер бұл іс-әрекет айтарлықтай залал келтіре отырып жасалса, сол сияқты жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазиннің айтуынша, полиция қызметкерлері жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 131 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан, оның ішінде 68-і аң аулау ережелерін бұзғаны үшін және 63-і заңсыз балық аулағаны үшін айыппұлдар төлеген.

Биыл өңірде табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 2 млн теңгеге жуық (1 837 710 теңге) айыппұл салынған. ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру