«Мигрант» іс-шарасы: Шымкентте заңсыз жүрген 15 шетелдік анықталды
Шымкентте «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз жүрген 15 шетел азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Қаратау АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 7 маусымнан бастап «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Тәртіп сақшылары іс-шара барысында Қаратау ауданында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетелдікті анықтады. Оларды жеке басын анықтау мақсатында Шымкент қаласындағы қабылдап-тарату орталығына жеткізді.
«Мигрант» іс-шарасы ағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.