Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мигрант” іс-шарасы: Шымкентте заңсыз жүрген 15 шетелдік анықталды

Шымкентте “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз жүрген 15 шетел азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Қаратау АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 7 маусымнан бастап “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Тәртіп сақшылары іс-шара барысында Қаратау ауданында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетелдікті анықтады. Оларды жеке басын анықтау мақсатында Шымкент қаласындағы қабылдап-тарату орталығына жеткізді.

“Мигрант” іс-шарасы ағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру