ОLX-тегі алаяқ шымкенттіктің есепшотынан 700 мың теңгеге жуық ақша шешіп алды
ОLX-тегі алаяқ шымкенттіктің есепшотынан 700 мың теңгеге жуық ақша шешіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 14 маусымында Қаратау АПБ-на «102» арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында OLX интернет желісінде сатылымда тұрған көйлегін бір адам аламын деп алдап, есепшотынан 668 мың теңге ақшасын өзіне белгісіз жолмен алып қойғанын көрсеткен.
Қаратау полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұсталған күдіктіге басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.