Жамбылдық полицейлер биыл 300 келіден астам есірткі затын тәркіледі
Жамбылдық полицейлер 2021 жылдың алты айында үш жүз келіден астам есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 324 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі.
Оның ішінде 244 келі марихуана, 78 келі гашиш, 796 грамм героин және 17 грамм синтетикалық есірткі құралдары бар.
– 324 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 61 есірткіні өткізу, 32 аса ірі көлемде сақтау, 12 есірткі құралдарын контрабандалау жағдайы, 10 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, 1 есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу және 209 қылмыстық теріс қылық дерегі, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.