Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын алаяққа алданып, есепшоттағы ақшасынан айырылды

Шымкенттік тұрғын алаяққа алданып, есепшоттағы 53 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында әлуметтік желіде сатылымда тұрған гитарасын белгісіз адам сатып аламын деп банк картасының есепшот нөмірін сұрап, ондағы болған 53 мың теңге ақшасын иемденіп кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілген. Нәтижесінде Түркістан обылысы Леңгір қаласының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру