Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген ​аудан тұрғыны анықталды

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген ​аудан тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс бойынша өтіп жатқан «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 25 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Жанадария ауылы орталығында 42 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатып тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, «ТОЗ» маркалы, 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру