Алматы облысы колониясының сотталғандары мүсіндер дайындауда
Алматы облысы колониясының сотталғандары мүсіндер дайындауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталғандар ЛА-155/8 мекемесінің өнеркәсіптік аумағында кәсіпкерлік қызметін жүргізетін «Exim Commerce Group» ЖШС-де мүсіндер жасауда.
– Асыра айтпаса, бұл шынымен де талантты адамдар. Қазіргi таңда толық көлеміндегі өнер түрін білушіні таң қалдыратын жылқының мүсіні аяқталды, – деді аумақтық ҚАЖД бастығы Иглік Хасенов.
Тапсырыс берген Қапшағай қаласының кәсіпкері мүсіндіні Іле өзенінде орналасқан «Көшпенді» демалыс аймағына орнатуды жоспарлап отыр.
Әрине, бұл жұмыс уақытылы төленеді, бұл сотталғандарға, талап-арыздарды өз бетінше төлеуге және туыстары мен жақындарына материалдық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жинақталған тәжірибе сотталғандарға азаматтық өмірге оралған кезде көмек көрсетедi.