Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы есірткі қойып кетушіні ұстады

Алматы полициясы есірткі қойып кетушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының полицейлері Әуезов аудандық ПБ-ның қызметкерлерімен бірлесіп, “тәжірибелі”есірткіні қоюшыны ұстады.

– Түркістан облысының 26 ​​жастағы тұрғыны курьер – “есірткі қойып кетуші” болып жұмыс істеген. Жас жігіттің мессенджер арқылы “жұмыс берушіге” жасаған жұмысы туралы есеп жіберіп отырғандығы анықталды: сурет пен геолокацияны көрсететін мекенжайды жіберген. Осы әдіспен “тапсырмаларды” алған. Ол “жұмысы үшін” төлемді криптовалютамен қабылдаған. Күдікті Алтын бесік шағын ауданындағы үйлердің бірінің маңында ұсталды. Жеке тінту кезінде одан көк және сары түсті изолентаға оралған ерекше иісті, ақшыл түсті заты бар 26 бума табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша бұл зат мефедрон есірткісі болып шықты, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша жүргізіліп жатыр

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру