Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: із-түссіз жоғалған 3 жасар бала Арбаттан табылды

Алматыда жоғалған үш жасар бала Арбаттан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі 19:00 шамасында Алматы қаласының Медеу ауданында бала жоғалып кетті. Анасы бұл туралы “102” нөміріне хабарлады.

– Әйел адам киім дүкенінде жұмыс істейді. Сол күні оның үш жасар баласы жанында болған. Өтініш берушінің айтуынша, бала дүкеннің қасында ойнап жүрген. Бір сәтте ол клиенттерге алаңдап кеткен, бірнеше минуттан кейін қараса, бала орнында болмаған. Дабылды Медеу ауданының ПБ жеке құрамы ғана емес, сонымен қатар, ұл бала жоғалып кеткен жерге шекаралас жатқан біздің адамдар да көтерді. Оны Арбаттан, фонтанның жанынан табылды. Бала ойынға беріліп кетіп, анасынан қалай алыстағанын байқамағаны белгілі болды. Бақытымызға орай, оның жағдайы жақсы. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы ата-анасына тапсырды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Сонымен қатар, Алматы қаласының полициясы азаматтардан кәмелетке толмаған балаларын қараусыз қалдырмауын, сондай-ақ олардың тәрбиесі мен мінез-құлқының дұрыс қадағалануын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру