Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы карантин шараларын түсіндіруді бастады

Алматының полиция департаменті қала маңын аралап, карантиннің шарттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

– Ірі блокпостарда дауыс күшейткіштер жұмыс істейді. Олардың көмегімен азаматтар жеке қауіпсіздік шараларды, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау туралы, жүк көлігінің блокпост арқылы өту үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы, төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін және билік өкілдеріне бағынбағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы, сондай-ақ азаматтар қалаға сыйақы үшін жол жүруге уәде берген адамдардың заңсыз әрекеттері туралы хабарлай алатын кері байланыс арналары туралы ақпараттандырылады, – деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру