Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыра дүкенінің иесі қамауға алынды

21 наурыз күні Шахтинск қаласында СЭС өкілдері мен еріктілер тобы рейдке шығып, ТЖ кезінде белгіленген талаптардың бұзылғанын бірнеше рет анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сыра дүкендерінің бірі уақыт бойынша жұмыс режимінде енгізілген шектеулерге қарамастан өз қызметін тоқтатпаған. Дүкен иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігі бойынша материалдар жинақталды.

Бұл бапта ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза көзделген. Материалдар Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді, оның қаулысымен дүкен иесі үш тәулік мерзімге қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру