Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантиннен қашқан азамат Көкшетаудан табылды

Ақмола полицейлері карантинге жатудан бас тартқан Көкшетау тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 19 наурыз күні “Минск – Нұр-Сұлтан” рейсімен ұшып келген. Жалпыға ортақ тәртіп бойынша міндетті түрде карантинге жатуы керек болатын. Бірақ одан бас тартып, Көкшетау қаласына қайтып кеткен.

Медициналық тексеру жүргізу үшін Ақмоланың тұрғылықты жері бойынша СЭС пен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жіберілді, бірақ ер адам дәрігерлерге есік ашпапты.

Болған жағдайды дәрігерлер Көкшетау қаласының полиция басқармасына хабарлайды.

ТЖ қызметкерлері пәтер есігін бұзып ашуға мәжбүр болды. Емдеу мекемесіне карантинге мәжбүрлеп жеткізілген жергілікті тұрғыннан анализдер алынып, вирусологиялық зертханаға зерттеуге жіберілді.

Аталған фактіге сәйкес полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігі “Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.

Тәртіп сақшылары азаматтардан белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды: адамдардың жиналуына жол бермеу, қорғаныш маскаларын пайдалану, жеке бас гигиенасын сақтау, ал көңіл-күйі нашарлаған және жоғары температура пайда болған жағдайда дереу емдеу мекемелеріне хабарлау.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдайды сақтамайтын және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтарға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғанға дейін тиісті шаралар қолданатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру