Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы тағы бір көлік бұзақысын жазалады

Алматы полициясы тағы бір көлік бұзақысын жазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы да құқық бұзушының заңсыз әрекеттері әлеуметтік желіге шықты және шара қолдануға негіз болды.

– Toyota Camry көлігін басқарған ер адамның жеке басы анықталды. Бұл 21 жастағы С.есімді азамат. Оның іс-әрекеттерінде ЖҚЕ-нің 4-бабында ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 2-бөлімі, ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлімі, ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлімі, ҚР ӘҚбК-нің 603-бабы 2-бөлімінде көзделген өрескел бұзушылықтың белгілері бар. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды. Автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орнатылды, – деп хабарлады, Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Алматы полициясы жолдарда мұндай іс-әрекетке жол берілмейтіні туралы да еске салды.

– Патрульдік полицияның жеке құрамы осындай жүргізушілерді анықтауға бағытталған, олардың әрекеттері басқаларға нақты қауіп төндіреді. Мұндай қылмыстық әрекет жасаған адамдарға қатысты ең қатаң шаралар қолданылады, – деді Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру