Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр

Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында “Келімсек” жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шара 11-15 наурыз аралағында өткізіледі.

Сонымен қатар бұл іс-шара еліміздегі шетелдіктердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған. Жедел іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қалада барлығы 80 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматтардың жаппай болатын жерлері ерекше бақылауда, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру