Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған коллекторлық компанияға жұмысқа орналасты

Алматыда пробация бақылауындағы сотталған коллекторлық компанияға жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты Алмалы аудандық пробация қызметінің мамандары жуырда сотталған азаматты коллекторлық компанияға жұмысқа орналастырды.

Сотталғандардың жұмыссыз жүруі қайталап қылмыс жасауға себеп болатынын ескерген пробация мамандары сотталған М.-нің құжаттарын Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығына жіберген болатын.

Жуырда орталық мамандары аталған азаматты коллекторлық компанияға операторлық жұмысқа орналастырды.

Алмалы аудандық пробация қызметінде 212 сотталған есепте тұрады. Солардың ішінен жыл басынан бері 23 жазасын өтеуші еңбекпен қамтамасыз етілу үшін ЖҚО-на жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру