Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тәртіп сақшылары мен еріктілер бірлесіп, 100-ге жуық тыйым салынған жазбаны жойды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері еріктілермен бірге тыйым салынған интернет-мекенжайлар көрсетілген 100-ден астам жазбаны бояды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау ауданының ПБ қызметкерлері “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында еріктілердің қатысуымен есірткі сайттары көрсетілген жазбаларды жоюға арналған іс-шара өткізді.

– Біз әрдайым осындай жазуларды үстінен бояп тастаймыз. Мұндай іс-шаралар әдеттегідей еріктілер лигасымен бірге жүзеге асырылды. Бұл жазбалар жай боялып қана қойылмайды, оларды жазып алып, содан кейін Интернет кеңістігінде бұғаттау үшін материалдар дайындайтынымызды атап өткім келеді. Сонымен қатар, трафарет салушыларды да іздеу шаралары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, мұндай жазбалар үшін бас бостандығынан айыру жазасы бар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жуырда осы ауданның аумағында қабырғаларға осындай жазбалар салған екі күдікті қамауға алынды. Олар ҚР ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша жауапқа тартылуда. Сондықтан, мұндай “суретшілер” туралы мәліметі бар азаматтар полицияға хабарлай алады. Біз өз кезегімізде құпиялылық пен көтермелеуге кепілдік береміз. Алдағы уақытта да халықты осы туралы хабардар ете отырып, осындай жұмыстар жүргізетін боламыз , – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шараға қатысушылар өтіп бара жатқан азаматтарға “Біз есірткіге қарсымыз” деген жазуы бар 300-ге жуық бетперде таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру