Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылықтардың бастамасымен үлгілі қызметі үшін 57 полиция қызметкері марапатталды

Алматылықтардың бастамасымен үлгілі қызметі үшін 57 полиция қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл талдауды Алматы қаласының полициясы жүргізді.

– Халықтың дауысы – ең объективті, ал тұрғындардың мақтауы – еңбек үшін ең жақсы сыйақы. Бір жылдан бері біздің бөлімде “Алғыс тақтасы” жобасы жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтары қол жетімді байланыс арналары арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы біздің мекенжайға хаттар жіберуде. Біз өз кезегімізде ерекшеленген қызметкерлерді марапаттаймыз. Біз мұны салтанатты жағдайда жасаймыз, оны ішкі істер органдарының жас буынына үлгі етеміз, – деп ерекше атап өтті Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикердің айтуынша, өткен жылы Департаментке азаматтардан 81 алғыс хат келіп түскен, нәтижесінде 97 полиция қызметкері мадақтама алды. Осы жылдың басынан бері он үш адам алматылық полицияға алғыс айтты. Олардың екеуі – шетелдіктер.

– Бірінші жағдайда Ұлыбритания азаматының алғыс хаты келді, оның қызы сөмкесін екі ұялы телефонмен және құжаттармен бірге сауда үйінде қалдырып кеткен. Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен полицияға жүгінген күні жоғалған заттар табылып, иесіне қайтарылды. Басқа эпизодта ҚХР азаматшасына мүмкін болатын көмек көрсетілді. Әйел өзін көп мөлшердегі ақша үшін алдап соққан серіктесінің құрбаны болды. Алатау аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартты, – деп қорытындылады Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру