Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер танысының қаражатын жымқырған тұрғынды ұстады

Ақмолалық полицейлер танысының қаражатын жымқырған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 мамыр күні Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғынның ұрлық дерегі туралы өтініші келіп түсті. Бикеш 20 мамыр күні сағат 19:00-21:00-ге дейінгі аралықта анасына тиесілі HalykBank картасынан 82 мың теңге алынғанын хабарлады. Жәбірленушінің айғақтары бойынша ата-анасының пәтерінен 27 мың теңге көлемінде ақша ұрланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Ол бұған дейін ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдікті ұрланған банк картасымен әртүрлі сауда нүктелерінде есеп айырысқан. Заттай дәлел, атап айтқанда банк картасы тәркіленді.

Бір күн бұрын күдікті жәбірленушінің жұбайымен көшеде танысып, зейнеткерлердің үйінде қонақта болғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру