Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлерімен сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес отырысы өтті

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлерімен сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамына департамент бастығы Руслан Уразбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында жедел кеңес отырысы өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәртіп пен заңдылықтың сақталуы секілді бірқатар мәселелердің түйіні тарқатылған жедел кеңес отырысына сондай-ақ, Ақтөбе облысы бойынша Полиция департаментінің Қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы Маулен Ахметов пен орынбасары Ардақ Иманов және ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, мекеме басшылары мен ҚАЖ қызметкерлері қатысты.

Ақтөбе облысы бойынша Полиция департаменті Қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы Маулен Ахметов жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу, болдырмау жөнінде айта келіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидаларына тоқталып, жеке құрамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жеке құрам арасында түрлі бағыттағы іс-шаралар мен арнайы жиындар өткізіліп келетінін тілге тиек еткен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев ҚАЖ қызметкерлеріне заң бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды одан әрі күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру