Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада дүңгіршекті бұзып кіріп, велосипед ұрлаған тұрғын қамауға алынды

Астанада дүңгіршекті бұзып кіріп, велосипед ұрлаған тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейтаныс ер адам түнгі уақытта Абай даңғылы бойындағы дүңгіршектен бөтеннің велосипедін алып шыққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер велосипедті алған адамның жүру бағытын қадағалап, оны тұрғылықты жерінде ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған 32 жастағы астаналық тұрғын болып шықты.

Ер адам дүңгіршекке кіріп, сөредегі сусындармен қоса велосипедті ұрлап, шамамен 200 мың теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру