Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ер адам сүйіктісінің үйінен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен

Астанада ер адам сүйіктісінің үйінен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 45 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарының ұрланғанын хабарлаған. Әйел ұрлық жасаған қызының 33 жастағы досы болуы мүмкін екенін айтқан.

Анықталғандай, күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде ол пәтерге келуді ұйғарған. Сөйтіп кездесулердің бірінде ер адам сүйіктісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ер адам мойындағандай, ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып жіберген.

Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге және жеке заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру