Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада пробация есебіндегі сотталғанның тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды

Астанада пробация қызметінде есепте тұрған ер адамның тағы да қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданының полицейлері кезекті велосипед ұрысын анықтады. Ол бұрын істі болған 23 жастағы жігіт болып шықты. Таңертең С-409 көшесіндегі тұрғын үй кешенінен ол Brand маркалы велосипедін алып кеткен.

Екі дөңгелекті көлікті ұрлау сәті кіреберісте орнатылған бейнекамераларға түсіп қалған. Жазбада күдіктінің кіреберіске кіріп, баспалдақ алаңының астынан бектілмеген велосипедті байқағанын, содан кейін оны шығарып алып кеткенін көруге болады.

Жас жігіт мойындау көрсетпелерін берді. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті ұрылар үшін жем болмас үшін велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, қырағы болуға кеңес береді. Ұрлыққа қарсы қауіпсіз велосипед құлыптарын пайдалануды ұмытпаңыз. Тұрақ ретінде бейнебақылау камераларының көру аймағында, жақсы көрінетін жерлерге артықшылық беріңіз. 

Егер сіз күдікті адамдарды байқасаңыз, полицияға “102” мобильді қосымшасы арқылы хабарлауды сұраймыз.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру