Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада қоғамдық орындарды ластау фактілерінің жолы кесілді

Астанада қала көшелерінің тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында елордада полицейлер қоғамдық орындарды ластау фактілерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ абаттандыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны және қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 34 мыңнан астам адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Кезекті рейд барысында осындай құқық бұзушылықтардың бірі анықталды. Тұрғындардың бірі пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыс аяқталғаннан кейін қоқыс пен құрылыс материалдарын іргелес аумақтағы белгіленбеген жерге қалдырған.

Аталған азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Полиция тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, аумақтарды күтіп ұстауға жауапкершілікпен қарауға және қоғамдық орындарды ластауға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру