Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада алаяқ такси жүргізушісін алдап кеткен

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері, такси жүргізушісінің полицияға түсірген арызын шұғыл қарастыру кезінде, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын нәтижесінде алаяқтықпен айналысқан елорда тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында күдікті мобильді қосымшаны пайдаланып, принтер салынған пакетті мекенжайға жеткізу үшін такси шақырған. Ол такси жүргізушісінің сеніміне кіріп, сәлемдемені жеткізген кезде принтерді сатып алушы барлық соманы қосып төлейтінін уәде етіп, одан ақша алып алған.

Онымен келіскен таксист, көрсетілген мекенжайға бара салысымен тапсырыс берген адамға хабарласқан кезде, оның телефоны сөніп тұрған. Аталған мекенжайда ешқандай сатып алушы да болмаған. Амалсыз қалған такси жүргізушісі пакеттегі жәшікті ашып қараған сәтте, оның ішінде тұрған принтер емес, қоқыс болып шыққан.

Қазіргі таңда аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалса, дереу “102” арнасы бойынша полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру