Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер есірткі сату бойынша граффити суреттерін бояу бойынша рейд жүргізді

Астана қаласының полиция қызметкерлері мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, интернет арқылы есірткінің синтетикалық түрлерін тарату және оның заңсыз жарнамасы деректерінің алдын алу мақсатында тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ ювеналдық полиция қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің “Астана жастары” КММ өкілдерімен бірлесіп “ESIRTKIGE JOL JOK” жобасы аясында Абай даңғылы 13/1 ауданында есірткіге қарсы “Есірткі сатуға қатысқан сайттар туралы граффити суреттері мен жарнамалары бар тұрғын үйлердің қабырғаларын бояу бойынша” науқан өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі тұтынушылардың санын азайту және алдын алу.

Полиция есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін ҚР ҚК-нің 299-1-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады, онда мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру