Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды

Көкшетауда притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 17 маусымда “Стоп-трафик” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру және ұстау фактісін анықтады.

Полиция қызметкерлері ұйымдастырушыны, облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын, сондай-ақ 21 жастан 27 жасқа дейінгі жезөкшелерді анықтады.

Күдіктінің массаж салоны ретінде интимдік қызмет көрсету, клиенттерді іздеу және жарнама бойынша жұмыс ұйымдастырғаны анықталды. Оның мекен-жайы ІІМ Криминалдық полиция департаментіне бұғаттау үшін жіберілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу басқармасымен ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұлтартпау шарасы: “келу туралы міндеттеме”. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру