Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық полицейлер жолда ауырып қалған ер адамға көмектесті

Көкшетаулық полицейлер жолда ауырып қалған ер адамға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда Көкшетау қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Әскербек Қасымов және қызмет инспекторы Александр Нилов жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет өткеру кезінде Абай көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында тұрған “Jac” маркалы автокөлікті байқады. Машинада авариялық дабылдар қосылған болатын. Жүргізушінің денсаулығы кенеттен нашарлаған. Полиция қызметкерлері осы уақытта өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін тоқтатты.

Жүргізуші көліктен өздігінен шыға алмады, өйткені ол конвульсияға ұшырады. Содан кейін полицейлер оны көтеріп, зембілге салып, жедел жәрдем көлігіне отырғызды, онда оған алғашқы көмек көрсетілді. Кейін ер адам көпбейінді облыстық аурухананың кардиохирургия бөліміне жатқызылды. Полицейлер мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ер адамға уақытылы көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру