Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жалған нөмір тағылған көліктен 4 қап мөңке балығы табылды

Павлодар облысында жалған нөмір тағылған көліктен 4 қап мөңке балығы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында Павлодар облысының аумағында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– 48 рейдтік іс-шара жүзеге асырылды, онда 24 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 10 заңсыз аң аулау және аң аулау қағидаларын бұзу, 14 балық аулау қағидаларын бұзу фактілері анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мысалы, Май ауданының полиция қызметкерлері Көктөбе ауылының маңында Ленин-Курчатов автожолын патрульдеу кезінде 25 қазан сағат 07.00 шамасында “УАЗ” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Рульде 49 жастағы ауыл тұрғыны болды, тексеру кезінде оның салонында тиісті құжаттары жоқ 4 қап “мөңке балық” тұқымы табылды. Аталған факті бойынша полиция ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын көрінеу жалған нөмірлермен басқарғаны, сондай-ақ міндетті техникалық байқау құжаттары болмағаны анықталды, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабын бұзу болып табылады. Бұл іс шешімін қабылдау үшін сотқа жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру