Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шекарадан электрошокер өткізуге тырысқан ресейлік ұсталды

Шекарадан электрошокер өткізуге тырысқан ресейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Успен ауданының полициясына шекара қызметінің қызметкерлерінен “қосақ” шекаралық бақылау бөлімшесінде Honda автокөлігінің салонын тексеру барысында Ресей Федерациясының 46 жастағы тұрғынынан рұқсат құжаттары жоқ “Тандер к.222” маркалы электрошокер табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Қару иесі Қазақстанға электр қаруын әкелуге рұқсат құжаттары жоқ екенін растады. Сондықтан электр қаруын заңсыз сақтау және тасымалдау үшін Ресей Федерациясының азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, ал электрошокер тәркіленді. Материал сотта қаралып, сот шешімі бойынша 46 жастағы РФ азаматына 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды, – деді Павлодар облысы Успен ауданының әкімшілік полициясының бастығы Александр Семенченко.

Айта кету керек, жылдың басынан бері Павлодар полицейлері қаруды заңсыз сатып алғаны, бергені, сатқаны, сақтағаны, алып жүргені және тасымалдағаны үшін 92 тәртіп бұзушыны анықтады. Олардың әрқайсысы қолданыстағы заңнама аясында жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру