Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында екі оқушы жол апаты салдарынан зардап шекті

Павлодар облысында екі оқушы жол апаты салдарынан зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада Екібастұз қаласында М. Жүсіп көшесінде Сhevrolet cobalt автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.

27 қарашада Павлодарда Павлов көшесінде ВАЗ-21906 автокөліктің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол жол бөлігін белгісіз жерде кесіп өтті. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жүгінді.

– ЖКО фактілері бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының басты себебі көшені белгіленбеген жерде, жақын маңдағы көлік қозғалысының алдында және бағдаршамның қызыл шамында кесіп өту екенін атап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру