Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр 

Павлодар облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қазан Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны жүгініп, оның 69 жастағы жұбайын іздеуде көмек көрсетуді сұрады. Оның айтуынша, 5 қазан сағат 12.30 шамасында ер адам УАЗ көлігін басқарып, танысымен бірге балық аулауға кеткен. Осы уақытқа дейін олар үйіне оралмаған.

Бұл өтініш тұлғаның жоғалуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

9 қазанда Кутояксор көлінде іздеу іс-шаралары мен оқиға орнын тексеру барысында УАЗ көлігі табылды. Тексеру барысында құжаттары, ақшалай қаражаттары, ұялы телефондар, автокөліктің кілті машинаның салонынан табылды. Көлікте резеңке қайық болмады, бірақ құтқару кеудешелері сол жерде жатты.

Полиция аталған көл маңындағы екі азаматтың кетуі ықтимал жерлерде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың орналасқан бағытын анықтау бойынша жеке құрам мен берілген күштердің бағдарланғанын атап өтті.

Жергілікті жерде полиция, ТЖ қызметкерлері, сүңгуірлер, кинологтар мен еріктілер жұмыс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру