Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда алкоголь өнімін заңсыз сатқан дүкен иесі анықталды

Павлодарда алкоголь өнімін заңсыз сатқан дүкен иесі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусымда кезекті рейд кезінде павлодарлық полицейлер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактісін анықтады.

– Бұқар жырау көшесіндегі дүкеннің сатушысы алкоголь өнімін, атап айтқанда белгіленбеген уақытта көлемі 0,7 литр болатын бір бөтелке арақ сатқан. Аталған бұзушылық үшін дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің ювеналдық полиция аға инспекторы Әсия Әлкеева.

Айта кету керек, мұндай рейдтерді тәртіп сақшылары үнемі өткізіп тұрады.

Полиция қызметкерлері алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сатқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 85 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру