Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ер адамнан синтетикалық есірткі тәркіленді

Павлодарда Ақтау қаласының тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғынынан есірткі заттарын тәркіледі.

Жеке тінту кезінде ер адамнан синтетикалық есірткі салынған 40 орама, қаптама материалдары және электронды таразы табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық тектегі психотроптық зат болып табылады. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 50 грамнан асты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті ағымдағы жылдың мамыр айының басында Павлодар қаласына келген. Қазіргі уақытта оның психотроптық заттарды заңсыз өткізуге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

— Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру